- Мұғалім: Жаңыл Баймұхамбетова
КМ 04 «Электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу»кəсіби модулі бойынша электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі ережелерін, нормаларын және стандарттарын біледі; Қауіпсіз жұмыс орнын ұйымдастыруды, қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс қолдануды меңгереді; Электр тогының әсерінен қорғау, жерге қосу және нөлдеу жүйесінің жұмыс принципін түсінеді; Өрт қауіпсіздігі, эвакуация және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана алады; Жарақат және төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін орындай алады. Электр жабдықтарының техникалық күйін бағалау әдістерін меңгереді;
Мультиметр, мегаомметр, ток қысқышы, люксметр сияқты өлшеу құралдарымен жұмыс істей алады; Кабель, қозғалтқыш, панель, реле және контактор сияқты элементтердің бүтіндігін, қосылыстарын және жұмыс қабілетін тексере алады; Тексеру нәтижелерін техникалық актілер мен журналдарға дұрыс енгізе алады; Жабдықтың жағдайын талдап, жөндеу қажеттілігін анықтайды. Осы оқу құралы техникалық жəне кəсіби, кейінгі орта оқу білім мекемелерінің «4 S07130704 Техник-электромеханик» біліктілігі бойынша оқытушыларға, студенттерге арналады.
- Мұғалім: Ержан Аширбаев